20
май
2022
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
«Алматы облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің М.Төлебаев атындағы орта мектебі МДШО" КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, атқарылуда. Атап айтсақ, мектеп директоры Г.Амандосованың басшылығымен мекеме қызметкерлерімен мамыр айында жиын өткізілді. «Қаржы жинамау» туралы бұйрық шығарылып, қызметкерлер толықтай таныстырылды. Тақырыпқа байланысты презентация көрсетіліп, жадынамалар таратылды.