Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"

Автор: admin от 26-10-2017, 08:22, посмотрело: 12

0 М.Төлебаев атындағы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған іс-шаралар жоспары негізінде 5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өткізілді. Апталық барысында «Отбасым менің қуатым» тақырыбында 6-сыныпта дөңгелек үстел, «Отан отбасынан басталады» тақырыбында 8-сыныпта пікірсайыс, «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның борышы» тақырыбында 7-сыныпта дөңгелек үстел, «Ата-анам және мен» тақырыбында бастауыш сыныптарда таным сағаттары, «Мен және менің отбасым» тақырыбында 5-сыныпта сайыс өткізілді. Ата-аналарға балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Оқушыларға «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы таныстырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді

Категория: Информация