Тілдер мерекесіне орай өткен "Тіл-елімнің болашағы"атты онкүндік » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа им.М.Толебаева с дошкольным мини-центром" Государственного учреждения "Отдел образования по Сарканскому району Управления образования Жетысуской области"
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"М. Төлебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728)43-2-25-07
Есепші бөлімі:
+7(728)43-2-25-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2019

Тілдер мерекесіне орай өткен "Тіл-елімнің болашағы"атты онкүндік




М.Төлебаев атындағы орта мектепте 10.09-20.09 аралығында «Тіл-елімнің болашағы» тақырыбында Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне орай онкүндік өтті.
Осыған орай, бастауыш сыныптар аралығында 4 сынып жетекшісі Мауасова Л.М ұйымдастыруымен «Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ» тақырыбында ертеңгілік өтті. Сыныптар толық қатысып, өздерінің дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Қаратас Сабина, Мұратбек Кәусар, Бекен Тәтті, Хаджиева Седа, Хаджиев Саид мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, өтірік өлең айту сайыстарынан жеңімпаз атанып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бажибаева К.У ұйымдастыруымен 5-8 сыныптар аралығында «Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында сайыс өткізілді. Жеңімпаз оқушылар, атап айтар болсақ, Құттыбек Д, Асхатқызы А, Мұратхан Д, Әлібек А, Түсіпхан М, Танатар А мақтау қағаздарымен марапатталды.
Орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі Болсамбеков Ж.М, Рахышева Г.О ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар оқушыларымен «Бізге үштілділік қажет пе?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 8-11 сыныптар арасында үздік қабырға газетін әзірлеген 11 сыныптың оқушылары марапатталды.
20-қыркүйек күні 7-11 сынып оқушыларынан «Астана-Бейбітшілік белгісі» тақырыбындағы диктант жұмысы алынды. Жұмыс тексеріліп, есебі ауданға жіберілді.
20.09 күні онкүндіктің жабылу салтанаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамыраимова О.К дайындауымен «Анамның тілі-ардақтым менің» тақырыбында өтті. 9-11 сынып оқушылары әр тілде өлең жолдарын, ғұламаларымыздың сөздерінен үзінді, «Тіл тағдыры» атты сахналық көрініс, әр ұлттың ән-биінен шашу дайындады.
Онкүндік барасында белсене қатысқан сыныптар, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив